Институт туралы

«ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ:

  • Қалаларды жылумен қамту схемасын;
  • Түрлі мақсаттағы жылу электр станциялары (ЖЭС) және органикалық отынмен жұмыс жасайтын қазандықтар құрылысының (қайта құру, ұлғайту) техникалық-экономикалық негіздемесін;
  • Жылу желілері құрылысының (қайта құру, ұлғайту) техникалық-экономикалық негіздемесін;
  • Жобаларды;
  • Жұмыс құжаттамаларын;
  • Инженерлік геологиялық және топографиялық ізденістерді;

Жобаланатын нысандардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды (ҚОӘБ) әзірлеуді, сонымен  қатар жобаланатын нысандар құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді қоса алғанда, жылу энергетикасы саласындағы жоба алдындағы және жобалау жұмыстарының барлық спектрін жүзеге асыратын кешенді жобалық-конструкторлық және іздену институты болып табылады.

Институт өз қызметін жылу энергетикасы, сәулет, қала салу және құрылыс қызметі саласындағы жобалау жұмыстарын, соның ішінде жарылу-өртену қауіпі бар өндірістерді жүргізу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында табиғатты қорғау жобалары мен нормаларына инжинирингтік қызметтер көрсету құқығына берілетін мемлекеттік лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

«ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ  1960 жылы Мемлекеттік «Промэнергопроект» одақ институтының бөлімшесі ретінде құрылған, өзінің қызметі барысында Институт бірқатар түрленулерден өтті:

  • 1974 жылы «ВНИПИЭнергопром» институтының Солтүстік Азия бөлімшесі («ВНИПИЭнергопром» САБ)
  • 1992 жылы ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ институты
  • 1998 жылы «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» ЖТАҚ
  • 1999 жылы «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» ЖАҚ
  • 2005 жылы «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» ЖШС
  • 2008 жылы «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ

Институт қызметкерлерінің саны 200 астам адамды құрайды.

1994 жылдан бастап «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тауар белгілері тізіліміне тіркелген жеке Тауар белгісіне ие.

Жаңа экономикалық жағдайларда институт энергетикалық құрылыс саласындағы шетел компанияларымен жемісті жұмыс жасауда.

Институт Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы құрылтайшыларының бірі болып табылады,  оның жұмысына — ең алдымен энергетикаға энергиялық тиімділік пен энергияны үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізуге және насихаттауға белсенді қатысып отырады.

Орталықтандырылған жылумен қамту саласындағы күрделі шешімдерді қабылдау кезіндегі кешенді тәсілдердің бай тәжірибесі мен жақсы дәстүрлері — Институт ұжымының басты құндылығы.

 

Қызметінің бағыты