Технологиялық жобалау

Институт бөлімдерінің жылу-энергетикалық нысандарды технологиялық жобалауы келесілер негізінде жүзеге асырылады:

  • Қазақстан Республикасының жылу электр станцияларын және жылу желілерін технологиялық жобалау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттары;
  • Жобаға Тапсырыс берушінің қалауы мен ұсыныстары;
  • Нормативтік құжаттардың қатаң талаптарын жылу-энергетикалық нысандарды пайдаланудың тәжірибелік мәселелерімен үйлестіруге мүмкіндік беретін орынды инженерлік тәжірибенің ережелері.

Жобаларды әзірлеу электр және жылу энергиясын өндірудің энергиялық тиімділігін жоғарылатуға бағытталған және бастапқы энергия ресурстарын тұтыну көлемін қысқартатын жаңа алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылады.

Институт ұжымы жаңа энергиялық тиімді технологиялардың, техникалық-экономикалық және экологиялық сипаттамалары айтарлықтай жоғары негізгі және қосалқы жабдықтардың пайда болуын, оларды Тапсырыс берушімен келісім бойынша әзірленетін Жобаларда қолдану үшін тұрақты қадағалап отырады. Институт мамандарының біліктілігін жоғарылатудың түрлі формалары қолданылады.

Жобалар әзірлеу процесінде лицензияланған мамандандырылған компьютерлік бағдарламалар мен кешендер кеңінен қолданылады:

  • Windows XP Prof
  • «Старт» (құбырлардың беріктігі мен қаттылығын есептеу)
  • «D-Pipe» (пайдалану және сейсмикалық жүктемелердің әсері кезіндегі беріктік есептеулері)
  • «Оқшаулау» (құбырлардың оқшаулау жабынын есептеу)
  • «Гидравлика» (құбыр желілеріндегі гидравликалық кедергілерді есептеу)
  • «Қиябет», «Гидропроект» МЖИ (сейсмиканы есепке ала отырып, бөгеттер қиябетінің  төзімділігін есептеу)
  • «Эколог» ф. Интеграл, Санкт-Петербург (атмосфераның ластануы бойынша есептеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық кешен)
  • «АВС» (сметаларды есептеу)
  • «Альт-Инвест Сумм», 6.04-нұсқа (энергия нысандары құрылысының экономикалық көрсеткіштерін есептеу)
  • Auto CAD LT 2007 (жобалаушының графикалық пакеті)
  • Auto CAD Architecture-2009 (архитектордың графикалық пакеті)

Жобаларды сапалы әзірлеуге арналған маңызды талаптардың бірі болып нормативтік-техникалық құжаттардың болуы, осыған дейінгі әзірлемелердің шешімдерін қолдану мүмкіндіктері  табылады.

1960 жылдан бастап (Институт құрылған жыл) жиналған техникалық Мұрағат құрамында келесілер бар:

  • жобалық-сметалық құжаттама мұрағаты,
  • ғылыми-техникалық кітапхана,
  • жобалық кабинет

Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) мұрағаты Институт жасаған жылытатын бу құбырлы және газ құбырлы электр станцияларды, жылу-электр орталықтарын, ірі қазандықтарды және жылу желілері нысандарын жобалау, ұлғайту және қайта құру, Қазақстан мен Орта Азияның — ТМД қатысушы елдердің — барлық облыстық және ірі қалаларын жылумен қамту схемаларын болашақта жобалау жөніндегі материалдардан тұрады.

Ғылыми-техникалық кітапханада қағаз және электронды тасымалдағыштардағы қажетті және жеткілікті көлемде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен заңға бағынышты актілері, мемлекеттік, мемлекет аралық ҚНжЕ, ГОСТ-тар, Техникалық шарттар, Басқару құжаттары, ережелер, СанНжЕ, Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы нормативтік, құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесіне енгізілген бағамдар, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы нормативтік-техникалық құжаттар, мерзімдік ғылыми-техникалық басылымдар бар, Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық және құқықтық құжаттарының электронды базасымен жабдықталған, Интернетке қосылған.

Жобалау кабинетінде көптеген типтік және бірнеше рет қолданылатын жобалық-сметалық құжаттамалар, электротехникалық, жылу алмасу, құрылыс, су дайындау жүк көтеру жабдықтарының каталогтары, номенклатуралар, паспорттар, арнайы зауыт жабдықтарының сызбалары бар, Интернетке қосылған.

Бай тәжірибе мен жылу энергетикалық нысандарды жобалау кезіндегі күрделі шешімдер шығарудың кешенді тәсілінің жақсы дәстүрлері — Институт ұжымының басты құндылығы.

Соңғы 3 жылда әзірленген жылу электр станцияларын салу, ұлғайту және қайта құру жобалары.

2009 ж

  • Ақшабұлақ кен орнындағы газтурбиналы электр станциясы 
  • «Астана қаласындағы ТЭЦ-3 салу» (ТЭН түзету)
  • Қашаған к/о тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру нысандарын орналастыру. Құрлықтағы кешен. Газтурбиналы электр станция. Ұлғайту. 3-кезең.
  • Алматы қаласындағы ТЭЦ-2-ден жылу қабылдау үшін ТЭЦ-1 қайта құру
  • «Павлодарэнерго» АҚ ТЭЦ-3 БКЗ-420-140 типті №1 ст. қазандық агрегатын қайта құру
  • «Алғабас» к/о-ның «Сыртқы электр энергиясымен қамту» ТП құрамында «АлЭС» АҚ-ның ТЭЦ-2 110 кВ АТҚ қайта құру     

2008 ж.

  • Астанада қаласында №№ 7,8 ст. қазандық агрегаттарын, №№ 5,6 ст. құбыр агрегаттарын және су қыздыру қазандығын орната отырып, ТЭЦ-2 ұлғайту және қайта құру
  • Астана қаласындағы ТЭЦ-2-ге №1?4 ст. су қыздыру қазандықтарын орнату
  • №12 ст. құбыр агрегатын орната отырып, "АЕS" Өскемен ТЭЦ" АҚ ұлғайту
  • №1 ст. құбыр агрегатын орната отырып, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС МАЭС ұлғайту
  • «АлЭС» АҚ-ның ТЭЦ-2 №1?6  ст. желдеу градиенттерін қайта құру (Жұмыс жобасы) 
  • «Қашаған к/о тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру көлемін орналастыру жобасы. Құрлықтағы кешен. Газ турбиналы және бу турбиналы э/станция» (Жұмыс құжаттамасы)
  • «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның №1 және №2 блоктарының ұяшықтарындағы турбина және қазандық бөліктерінің шатыры қайта құру (Жұмыс құжаттамасы) 
  • Жезқазған қаласы мен Сәтбаев қаласын жылумен қамту схемасының техникалық-экономикалық негіздемесі 
  • Жаңа қуаттарды енгізуді есепке ала отырып, 2030 жылға дейінгі болашақпен 2015 жылға дейін Қостанай қаласын жылумен қамтуды дамыту схемасы

2007 ж.

  • Балқаш ЖЭС құрылысы (ТЭН)
  • Алматы қаласының «КАМАЗ» шағын ауданындағы қазандық құрылысы
  • Жамбыл МАЭС ұлғайту және қайта құру ( ТЭН)
  • Алматы қаласындағы ТЭЦ-1-ның құрылымдары мен жабындарынан аққан ағындарды беттік су айдындарына, уытты және құрамында мұнай бар ағындарды күл үйінділеріне шығару 
  • «Екібастұз МАЭС-2 ұлғайту және қайта құру». П-57Р типі бойынша модернизацияланған қазаны бар қосымша нұсқа (ТЭН)
  • «АлЭС» АҚ Алматы ТЭЦ-2 қайта құру және ұлғайту, III кезек (ТЭН)
  • Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы аумағындағы құрылыстарды жылумен қамту концепциясы 
  • 2020 жылға дейінгі болашақта Шымкент қаласын жылумен қамту схемасы.